Қарасай аудандық кітапханасы

Қаскелең станицасында 1928 жылы шілде айында мәдени ағарту ошағының есігі ашылды. 1961 жылы кітапхана жасақталып, оқу залы ұйымдастырылды. Қаскелең ауылы 1963 жылы қала болып жарияланған соң, аудандық кітапхананың жұмысы да жақсарды. Кітапхананы Алматы көшесіндегі бұрынғы әскери комитетінің үйіне ауыстырды. Көптеген жаңарудан соң 1973 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылды. Қаскелең аудандық орталықтандырылған кітапхана Республикадағы озат тәжірибелі болып саналды. 1986 жылы желтоқсан айында кітапхана салынып, жаңа ғимаратқа көшірілді. 1987 жылдан бері кітапхана Ғ.Мұстафин атындағы аудандық кітапхана болып аталады.

Кітапхананың мекен-жайы:  Қаскелең қаласы, Алматы к-сі №211. Жеке арнайы ғимаратта орналасқан.
Халық саны – 64375
Салынған жылы – 1986
Ашылған жылы – 1928
Көлемі – 5357 ш.м.
Штат бірлігі – 20
Қызметкерлер саны — 20, оның ішінде кітапханашылар — 14
Кітап қоры –173570, оның ішінде мемлекеттік тілде – 35266
Оқырмандар саны – 3648
Материалдық-техникалық базасы:karasai audandyk.jpg - 17.74 Kb
Интернет – 3
КАБИС – 6
Компьютер саны – 18
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 228
Кафедра – 2
Каталог – 37
Үстел – 55
Орындық – 100
Күрделі жөндеу қажеттілігі – жоқ
Жылу жүйесі – көгілдір отын
Байланыс телефоны 8/72771/ 2-16-90
Кітапхана директоры — Жігітова Шынар Алмабайқызы

 

Реклама